ИННОВАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ БЕРІКТІК СИПАТТАМАЛАРЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.53002/088Ключевые слова:
инновациялық материалдар, беріктік сипаттамалары, композиттік материалдар, наноқұрылымдар, механикалық қасиеттер, талдау әдістеріАннотация
Бұл мақалада ыстықтай илемдеу өндірісінде қолданылатын қолданыстағы ұшқыш қайшылардың (летучие ножницы) конструкциялық ерекшеліктері мен электр жетегіне шолу жасалған. Аталған зерттеу «Ыстықтай илемдеу өндірісіндегі ұшқыш қайшыларда кесу процесін автоматтандыру» тақырыбындағы докторлық диссертацияның негізін құрайды. Мақалада илемдеу өндірісінің негізгі міндеттері, ұшқыш қайшылардың тағайындалуы, олардың конструкциясы мен электр жетегіне қойылатын техникалық талаптар қарастырылған. Сондай-ақ қолданыстағы ұшқыш қайшылардың конструкциялары мен электр жетектеріне талдау жүргізілген. Ұшқыш қайшылардың негізгі түрлері ретінде барабанды, иінді-бұлғақты, тербелмелі, маятникті және планетарлық қайшылар қарастырылған. Сонымен қатар осы технологиялық механизмнің техникалық талаптарына сәйкес келетін үш түрлі қозғалтқыш – асинхронды қозғалтқыш, синхронды қозғалтқыш және тұрақты ток қозғалтқышы талданған. Ұшқыш қайшылардың конструкциясы мен электр жетегін зерттеу олардың бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелерін талдау көрсеткендей, ең тиімді шешім ретінде жұп барабанды қайшылар таңдалды. Себебі барабандар тұрақты жылдамдықпен бірқалыпты айналады және айналмалы массалар толық теңгерілген, бұл басқа қайшы түрлерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары жылдамдықта кесу операциясын орындауға мүмкіндік береді. Ұшқыш қайшылардың электр жетегі ретінде тәуелсіз қоздыруы бар тұрақты ток қозғалтқышы таңдалды, өйткені ол кең ауқымды жылдамдықты реттеу мүмкіндігімен, бірқалыпты жұмысымен, жоғары тиімділігімен, айналу жылдамдығының тұрақтылығымен, әртүрлі жылдамдықтардағы жүктемелерге төзімділігімен және механикалық сипаттамаларының жоғары қатаңдығымен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер электр жетегіне қойылатын техникалық және технологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.
Библиографические ссылки
Ashby, M. F. (2011). Materials Selection in Mechanical Design. Butterworth-Heinemann.
Callister, W. D., & Rethwisch, D. G. (2018). Materials Science and Engineering: An Introduction. Wiley.
Zhang, Q., & Li, G. (2020). Nanomaterials for Advanced Applications. Journal of Materials Science, 55(12), 4567-4580.
Gibson, R. F. (2016). Principles of Composite Material Mechanics. CRC Press
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2025 З.Ж. Жексен

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-ShareAlike» («Атрибуция — На тех же условиях») 4.0 Всемирная.





